Мектеп тарихы » №228 орта мектеп
Коммунальное государственное учреждение
Средняя школа №
"№228 Шәймерден Бәкіров атындағы орта мектебі"
Управления образования Кызылординской области
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Мектеп тарихы
19
май
2017

Мектеп тарихы

«№228 Шаймерден Бәкіров атындағы орта мектебі» жайлы мәлімет.



Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ботабай ауылында орналасқан №228 орта мектеп іргетасы 1953 жылы бастауыш мектеп болып құрылады. Бастауыш мектепте осы ауыл тұрғыны, белгілі ұстаз, Ұлы Отан соғысы ардагері К.Көшкінбаев меңгерушілік етеді.


1971 жылы мектеп ауыл халқының саны өсуіне байланысты 8 жылдық орталау мектеп болып қайта құрылады. Сол кезде Шиелі ауданынан келген орыс тілі маманы Қ.Орынбетов басшылық жасады.
1976 жылы Тартоғай ауылының физика пәні мұғалімі Ә.Жүнісов директор болып жұмыс атқарады.
1979 жылы облыстан жолдамамен келген Р.Молдабеков мектепке басшылық жасады.




1981 жылы Өзбекстаннан қазақ бауырларымыздың көшіп келіп, ауыл тұрғындарының көбеюіне, ауыл көлемінің ұлғаюына және оқушы санының өсуіне байланысты мектеп №228 орта мектеп сатысына көтеріледі. Осы жылы мектеп директоры болып Ә.Тойшыбаев тағайындалды.


1998 жылы Ботабай ауылы Сырдария ауданынан, Шиелі ауданының аймағына енді. Сол жылдары С.Дүйсенбаева басшылық жасады.

2006 жылы Шиелі аудандық білім бөлімінің жолдамасы мен М.Қойшыбай директор болып тағайындалды.
2010 жылдан бастап-2013 жылдың маусым айына дейін №228 орта мектепті Ғ.Мәжкенов басқарып келді.


2013 жылдың маусым айынан 17 қыркүйекке дейін директор міндетін уақытша Н.Айпейсова атқарды.
2013 жылдың 17-қыркүйегінен бастап мектеп директоры А.Қаракеева басқарды.

2017 жылдың 11 қаңтарынан бастап Ф. Жанибекова мектеп директоры болып тағайындалды.



Мектептің типтік жобадағы жаңа ғимараты 2012 жылы пайдалануға берілді.
Ботабай елді мекенінің түлегі Ш.Бәкіров Қызылорда облысы, оның ішінде Тартоғай елді мекенінің әл-ауқатын көтеру, әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында елеулі еңбектер атқарды.
Қызылорда-Шымкент арасында автомобиль қатынасы жолын салдырып, ел ішіндегі сырдария өзенінің үстіндегі пантон көпірін жүйеге келтірді.
Ел халқының жағдайы арқасында аяздай батып, елі үшін аянбай еңбек сіңірген азамат.
Тек елді мекен үшін емес, бүкіл облыс, Шиелі,Сырдария аудандарының әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін тыным таппай, өмірінің соңғы күндеріне дейін елдің тыныс-тіршілігін жақсартуға ат салысты.
Жерлесіміз Ш.Бәкіровтің елі үшін атқарған ерен еңбегін бағалай келе, Шиелі ауданына қарасты №228 мектепке Ш.Бәкіровтің есімі берілсін деген ұсыныс жасады.
Жарыс сөзге шыққан мектеп директоры А.Қаракеева мен мектеп мұғалімдері С.Қорғанов, К.Базарбаева сөз алып, өз сөздерінде қоғам қайраткері Ш.Бәкіровтың елдің тұрмыс тіршілігін жақсартуға көмек көрсетіп, Тартоғай совхозын қаракөл қой шаруашылығы базасына айналдыруда атқарған қызметтері, елдің жол қатынасы мен шопан қауымының тұрмыс жағдайын, оқу-ағарту саласы қызметкерлері мен денсаулық сақтау мекемелерінің жұмыс жасау жүйесін жақсартуға ат салысты. Сол себептен 2014 жылдан бастап Ш.Бәкіровтың есімі №228 орта мектепке берілді.
Қазіргі уақытта мектепте барлығы 15 сынып комплектісі бар, мектепалды даярлық сыныбын қоса алғанда. Барлығы 263 оқушы білім алуда.
Мектепте барлығы 52 мұғалім жұмыс жасайды.
Жоғары санатты – 5 мұғалім;
І санатты – 20 мұғалім;
ІІ санатты – 18 мұғалім;
Әр түрлі разрядта 14 мұғалім.
ЕНТ – ның қорытындысы бойынша 2014 – 2015 оқу жылы 81%, 2015-2016 оқу жылы 79% - ды құрады. Биылғы оқу жылында соңғы сынақ тест қорытындысы бойынша 131 % - ды құрап отыр.
«№228 Ш.Бәкіров атындағы орта мектебі» КММ бойынша 2014-2016 жылдар аралығында білім қызметкерлерінің Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі белгілерінің иегерлері және облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде өткен түрлі байқаулардың, олимпиадалардың жеңімпаздары және жүлдегерлері жайлы мәлімет
№ Мұғалімнің толық аты-жөні, әкесінің аты Пәні Жетістігі (жылы, өткен жері, байқаудың аты толық жазылуы керек)
Облыстық Республикалық Халықаралық Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі ҚР білім беру ісінің үздігі
1 Хайдарова Бақтыгүл Қаржаубайқызы Тарих 2012 жылы «Лучший әдіскер» байқауының жеңімпазы. Қызылорда қаласы. 2013 жылы «Лучший әдіскер» байқауының ІІІ орын иегері. Алматы қаласы 2015 жылы «Лучший авторлық» бағдарлама» байқауының жүлдегері. Астана қаласы. + -
2 Баимбетова Шолпан Турдыбековна Орыс тілі мен әдебиеті - 2014 жылы Республикалық «Менің жаңа сабағым» атты байқауды бас жүлде иегері - +
3 Қарашолақова Гүлсім Мухамедкалиевна Тарих - 2014 жылы «Менің үздік презентациялық сабағым» І, ІІІ орын иегері - - -
4 Әшірбаев Ғабит Әшірбайұлы Математика-информатика - 2014 жылы Республикалық «Менің жаңа сабағым» атты байқауды ІІІ орын иегері 2014 жылы Халықаралық Infourok қашықтықтан өткен олимпиадасында І орын иегері - -
5 Мамішева Жанат Ағылшын - - 2014 жылы Халықаралық Infourok қашықтықтан өткен олимпиадасында І орын иегері - -

 АӘД пәнінің мұғалімі Тухлибаев Абдухалик Тәуелсіздіктің 24 жылдығына орай медальмен марапатталды.
 Маханбетова Қымбат «Білім шыңы» медалімен марапатталды.
 Назарбаев Зияткерлік мектептері ұйымдастырған түрлі іс – шараларда көзге түскені үшін Әшірбаев Ғабит алғыс хатпен марапатталды.
 Өрлеу ұйымдастырған 3 айлық курс бітірген мұғалімдер арасында ұйымдастырған аудандық «Ашық сабақтар» фестивалында Әшірбаев Ғабиттың сабағы «үздік» деп дипломмен марапатталды.
 Республикалық Өрлеу порталымен ұйымдастырған аудандық семинарда үздік сабақ көрсеткені үшін Әшірбаев Ғабит, Рүстембекова Нүргүл, Исахаев Мырзакамал ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
 Көптілділікке байланысты өткізілген аудандық семинарда Ожанова А,Мамішева Ж, Бекова Г, Рүстембекова Н, Исахаев М, Баимбетова Ш алғыс хатпен марапатталды.
 Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қожахмет Бағдаулет аудандық, облыстық гір тасын көтеру сайысы бойынша І, ІІ, ІІІ орын иегері.
Республикалық олимпиаданың ІІ кезеңі 2015 – 2016 оқу жылында «№228 Ш.Бәкіров атындағы орта мектебі» КММ бойынша аудандық ағылшын пәнінен І орын, математика ІІ орын, Биология – ІІІ орын, химия – ІІ орын, қазақ тілі мен әдебиеті 2 оқушы ІІ орын, физика ІІ орын, тарих ІІ орын, ағылшын ІІІ орындарға ие болды. Пәндер бойынша түрлі қашықтықтан өткен олимпиадалардан мектеп мұғалімдері, оқушылары жүлделі орындарға ие болған.
«№228 Шәймерден Бәкіров атындағы орта мектебі» КММ бойынша 2016-2017 оқу жылы бойынша «Дарын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырған конкурстарына қатысқан оқушылар жайлы мәлімет.
Қала (аудан) Оқушының аты-жөні Мектебі Сыныбы Жетістіктері (байқаудың, конкурстың толық атауы,иеленген орын,жылы)

1 Шиелі ауданы Қалмағанбетова Гүлсезім №228
10-сынып 1)Математика олимпиада сертификат
2017ж
2 Шиелі ауданы Исаева Бибіфатима №228
10-сынып Математика олимпиада сертификат
2017ж
V командалық олимпиада
2017ж
3 Шиелі ауданы Батырова Нафиса №228
10-сынып Математика олимпиада
1-тур,2-тур сертификат,
2017ж
4 Шиелі ауданы Шахарбекқызы Жанерке №228
8-сынып Математика олимпиада сертификат
2017ж
5 Шиелі ауданы Жылдаман Аслан №228
8-сынып Математика олимпиада сертификат
2017ж
6 Шиелі ауданы Құрманай Ұлжан №228
6-сынып Математика олимпиада сертификат
7 Шиелі ауданы Сахап Наргиза №228
10-сынып Математика олимпиада сертификат
2017ж
8 Шиелі ауданы Қалымбет Досымжан №228
6-сынып Математика олимпиада сертификат
2017ж
9 Шиелі ауданы Зұлпыхар Еңлік
№228
10-сынып V командалық олимпиада
2017ж
Тарих пәнінен облыстық олимпиададан «Алғыс хат» 2017ж
10 Шиелі ауданы Әлиакбарова Үміт №228
10-сынып V командалық олимпиада
2017ж Тарих пәнінен облыстық олимпиададан «Алғыс хат» 2017ж
11 Шиелі ауданы Әбдіхалықова Гүлдана
№228
8-сынып V командалық олимпиада
2017ж
12 Шиелі ауданы Әбішбекова Арай
№228
8-сынып V командалық олимпиада
2017ж
13 Шиелі ауданы Исақызы Гүлсая №228
7-сынып V командалық олимпиада
2017ж
14 Шиелі ауданы Сахабадинқызы Арай №228
6-сынып Орыс тілі олимпиада сертификат
2017ж
15 Шиелі ауданы
Шайзада Мұхамед №228
9-сынып Орыс тілі олимпиада сертификат
2017ж
V командалық олимпиада
2017ж
16 Шиелі ауданы Оралбай Аяулым №228
11-сынып Химия
Ғылыми жоба қорғау
1- орын
2016ж
17 Шиелі ауданы Орынбай Гаухар
№228
11-сынып тарих
Ғылыми жоба қорғау
1- орын
2016ж
18 Шиелі ауданы Умаржанұлы Мұхтархан №228
7-сынып Физика
олимпиада сертификат
2017ж
19 Шиелі ауданы Сүйіпбаев Нариман №228
7-сынып Физика
олимпиада сертификат
2017ж

2013 оқу жылынан бастап мектеп ішінен ашылған «Балғын» шағын орталығы жұмыс жасайды. 1 - топ 25 баламен қамтылған.

Похожие публикации: